13 Маусым 2025 2025, 09:50 Фото: коллаж BAQ.KZ

Израильдегі қазақстандықтарға маңызды нұсқаулықтар айтылды

Израильдегі қазақстандықтарға маңызды нұсқаулықтар айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі елшілігі сол елдегі қазақстандықтарға маңызды нұсқаулықтар айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды.

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Еске салайық, бұған дейін Израиль Иранға қарсы әуе шабуылдарын бастаған болатын.