9 Қазан 2023 2023, 13:12

Израильде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ – СІМ

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Смадияровтың айтуына қарағанда, қазіргі таңда Тель-Авивте қазақстандық дипломаттар отандастарымызға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Тель-Авивтегі дипломаттар Израильдегі Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста және олармен жедел іс-қимыл жасау мақсатында арнайы месседжерде чат құрды. Қазіргі таңда Израильде уақытша және тұрақты тұратын 200-ге жуық Қазақстан азаматы қосылған. Чатта отандастарымыз өздерінің орналасқан жері туралы хабарлап, дипломаттармен тікелей байланыс орнатты, – деді СІМ-нің ресми өкілі.

Ол Израильде қазақстандықтар дипломаттарға да жәрдемдесіп жатқанын айтады.

Бүгінгі таңда Израильде зардап шеккен, кепілге алынған қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ, – деді Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильде қанша қазақстандық бар екенін айтты.