Израильде тұрғындарға шабуыл жасалды

Израильде белгісіз ер адам жүргізушілер мен жолаушыларға пышақпен шаубыл жасап, 8 адамды жаралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Оқиға Модиин қаласына жақын жерде болды. Күдікті шаһар маңындағы бағдаршамның бірінде көлігінен түсіп, басқа көліктегі жүргізушілер мен жолаушыларға бұрышты құтыны шашып, пышақтайды. Шабуылды жақын маңда кетіп бара жатқан полицей көріп қалып, қаскөйді тапаншасымен атып өлтіреді. 

Әзірге күдіктің мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз. 

Тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы