Израильде лаңкес оқ жаудырып, бір топ туристі басып өтті
Израильдің Тель-Авив қаласында лаңкес оқ жаудырып, туристерді басып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
The Jerusalem Post басылымы мәлімдегендей, лаңкес алдымен қаладағы жағалауға барып, бейбіт тұрғындарға оқ атқан. Салдарынан ер адам қаза тапты.
Полиция қызметкерлері қаскөй артынша жаяу жүргіншілерді басып өтуге әрекет еткенін айтты. Оның автокөлігі аударылып қалған.
Израильдік полиция офицері көлікке жақындап, лаңкес қаруын алға жатқанда оны атып түсірген.
Шабуылдан кем дегенде жеті азамат жараланды, үшеуі орташа дәрежедегі ауырлықпен ауруханаға жеткізілді. Төрт адам жеңіл жарақат алып, медициналық орталыққа жатқызылды, - деп жазды басылым.
Айта кетерлігі, шабуылға ұшырағандардың барлығы – туристер. Қайтыс болған 30 жастағы ер адам Италия азаматы болған. Ал жаралылар – Ұлыбритания мен Италиядан келген саяхатшылар.
Терактіден соң елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху шекаралық полиция мен ЦАХАЛ-дың резервтегі әскерилерін жұмылдыруға бұйрық берді.