Израильде көне қаланың орны табылды

Алматы, BAQ.KZ. Израильдің Ежелгі заман басқармасы археологтардың көне заманғы үлкен қала орнын тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Phys.org мәлімдеді.

5 мың жыл бұрынғы дәуірге жататын бұл қаланы мамандар автомагистраль құрылысын жүргізуге дайындық кезінде тауып алған. Ол Тель-Авивтің солтүстігінде 50 шақырым жерде орналасқан. Қаланың аумағы 65 гектар жерді алып жақан және 6 мыңдай адам өмір сүрген. Қазу жұмыстары кезінде қаланың көшелері, алаңдар, су ағарлар мен қоймалар табылған. 

Зерттеушілер сондай-ақ, храм мен жануарлардың өртенген сүйегін тапқан. Оларды құрбандыққа шалуы мүмкін. Артефактілердің ішінде мүсіндердің басы, керамика сынықтары, кремний құралдары мен тас ыдыстар бар. 

Археологтардың айтуынша, бұл адамдардың ерте заманнан ұйымдасқан қоғамда өмір сүргенін айғақтайды. Бұған дейін адамдар осы кезеңде ауыл шаруашылығымен айналысты, қалалық өмір енді қалыптасып жатты делініп келген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы