Израиль Йеменнің батысындағы порттарға әуе соққыларын жасады
Израиль әскери күштері 16 мамырда Йемендегі Ходейда провинциясындағы порт инфрақұрылымына әуе соққылары жасады. Бұл туралы Al Masirah телеарнасы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шабуыл Қызыл теңіз жағалауындағы Салиф портына бағытталған.
Аl Hadath телеарнасы шабуыл саны 10-нан астам болғанын мәлімдеді. Кейін бұл ақпаратты Израиль қорғаныс армиясы (IDF) ресми түрде растады.
Соққы "Ансар Алла" қозғалысының (хуситтер) Израильге қарсы әрекеттерінен кейін жасалған. Бір күн бұрын хуситтер Бен-Гурион әуежайына зымыранмен шабуылдаған болатын. Олар Тель-Авивті Газа секторын қоршауды тоқтатуға мәжбүрлеу үшін соғыс қимылдарын кеңейтуге уәде берген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы