Бүгiн 2026, 18:50 Фото: Anadolu

Газа секторында қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты

172 мыңға жуық адам жараланған.

2023 жылдың қазан айынан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 72 267 адамға жетті, ал жараланғандар саны 171 976-ға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аnadolu агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, палестиналық эксклавқа жасалған соққылар 2025 жылғы 10 қазанда жасалған атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан жалғасып жатыр.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде атқылау салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 17 адам жараланған.

2025 жылғы 10 қазаннан бері Израильдің Газаға жасаған шабуылдары нәтижесінде 691 адам көз жұмып, 1 876 адам жарақат алған.

Қираған ғимараттардың үйінділері астында мыңдаған адамның денесі әлі де жатыр, олардың ішінде атысты тоқтату күшіне енгеннен кейін қаза тапқан 756 адам бар.