Израиль солтүстік-шығыс Ливанға соққы жасады

Израильдің ұшақтары Ливанның солтүстік-шығысына соққы жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТАСС агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, салдарынан алты адам қаза тапқан.

Әуе соққысы Баальбек және Хермель өлкесінің 20 елдімекенінде, соның ішінде Бритель, Дурис, Сарин және Шимстар қалаларына жасалған.

Будай кентінде алты адамнан тұратын отбасының қаза тапқаны айтылды.

Ливанның денсаулық сақтау министрлігі израильдік әуе соққыларының салдарынан бір тәулікте 38 азамат көз жұмып, 124-і түрлі дене жарақатын алғанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы