Израиль Сирияның оңтүстігіндегі Талль әл-Ахмар ауданына соққы жасады
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіндегі Эль-Кунейтра провинциясының оңтүстігінде орналасқан Талль әл-Ахмар аш-Шарки ауданына соққы жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сирияның мемлекеттік «Аль-Ихбария» телеарнасының хабарлауынша, израильдік күштер аталған аумақты пулеметтерден атқылаған.
Шабуылдан кейін аймақтағы адам шығыны немесе материалдық залал туралы ресми ақпарат түскен жоқ.
Ресми Дамаск Эль-Кунейтра мен Дераа ауылдық аймақтарына жасалған Израиль рейдтері мен бейбіт тұрғындарға бағытталған шабуылдарды 1974 жылы қол қойылған «Күштерді ажырату туралы келісімді» ашық түрде бұзу деп санайды.
Бұған дейін президент Ахмед Шарааның мәлімдеуінше, 2024 жылғы 8 желтоқсаннан 2025 жылғы 18 шілдеге дейін Израиль армиясы Сирияның әртүрлі өңірлеріне мыңнан астам әуе соққысын жасап, шамамен 400 жерүсті рейдін өткізген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан ТЖМ ұшағы баланы шұғыл емдеуге жеткізді
Өзгелердің жаңалығы