−2

Израиль Президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді

Израиль Президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылады. 

Сондай-ақ өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады. Израиль Президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы