Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі мен бұрынғы қорғаныс министрін қамауға алу туралы ордер берді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Бұл еврей елі әскерилерінің Газа секторындағы іс-әрекетіне байланысты қабылданған шешім. Биньямин Нетаньяху мен Йоав Галант адамзатқа қарсы әкери қылмыс үшін айыпты деп танылған. Бірақ Израиль тарапы бұл мәселені қарастыру халықаралық қылмыстық соттың құзыретінде емес деп, шешіммен келіспей отыр.
Еврей елінің президенті, сыртқы істер және қорғаныс министрлері әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл жалған айып екенін жазып, өз наразылығын білдірді. Жергілікті тұрғындар да осындай пікір айтып жатыр. Ал Газа секторының жұрты сот шешімін қолдайтындарын жеткізді.
Біз Нетаньяхуды қамауға алуға жол бермейміз. Бұл бірінші мәселе. Екішіден, Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскенін күтейік. Сонда соттың не дейтінін көреміз, - дейді Тель-Авив тұрғыны Яфит Барух.
Палестиналық босқындардың жағдайы өте ауыр.
Бұл шешімді бұдан ерте шығару керек еді. Нетаньяху ХАМАС өкілдерінің шабуылын сылтау етіп, Газа секторында талай әскери қылмысқа жол берді. Ол шабуылға мен қатыстым ба? Жоқ. 2 жасар бүлдіршін қатысты ма? Жоқ. Онда біздің осындай жағдайға түсетіндей не кінәміз бар?, - дейді Палестиналық босқын Ахмед Кудайх.