Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс күшейеді - Қытай сарапшысы

Шанхай халықаралық зерттеулер университетінің сарапшысы Вэнь Шаобяо Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Global Times сайтына сілтеме жасап.

Алдағы күндері Палестина мен Израиль арасындағы қақтығыс күшейе түседі, алайда бірнеше аптада аймақтағы ірі әрі халықаралық ойыншылардың делдалдығы арқылы тоқтатуы мүмкін.

Сарапшы Израиль әскери жұмылдыруды жүзеге асырғандықтан, алдағы күндері қақтығыс одан сайын күшейе түсетінін айтады.

Беньямин Нетаньяхудың әкімшілігі (Израиль премьер - министрі-ред.) палестина - израиль қақтығысына қатысты әркез қатал болды, Нетаньяху бұл шабуылға нақты жауап бермесе, ауыр саяси дағдарысқа тап болады, - деді сарапшы.

Бұған дейін Израиль Ливан шекарасына танктер қойғанын жазған едік. Сондай-ақ Мысырда полиция қызметкері израильдік туристерді атып өлтірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы