Бүгiн 2026, 06:35
Фото: REUTERS / Mohamed Azakir
Израиль мен Ливан арасындағы бітімгершілік үш аптаға ұзартылды
Трамптың айтуынша, тараптар арасындағы диалогты жалғастыру маңызды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату режимі үш аптаға ұзартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл шешім Вашингтонда өткен екі ел елшілерінің кезекті келіссөздер раундының қорытындысы бойынша қабылданған. Трамптың айтуынша, тараптар арасындағы диалогты жалғастыру маңызды.
Сондай-ақ ол жақын уақытта Ақ үйде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Ливан президенті Джозеф Аунмен кездесу өткізу мүмкіндігін қарастырып отырғанын жеткізді.