Израиль мен ХАМАС арасында оқ атуды тоқтату туралы келіссөз басталды

Катар астанасы Дохада Израиль мен "ХАМАС" арасында оқ атуды тоқтату туралы келіссөздер басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

CNN телеарнасының хабарлауынша, кездесуге Израиль, АҚШ пен Қатардан делегаттар қатысып жатыр. Бұл кейінгі 2 айда жоғары деңгейде қолға алынған алғашқы басқосу.

Бұған дейін Мысыр президенті Израиль мен "ХАМАС"-қа атысты 2 күнге тоқтатуды ұсынған еді. Бұлан бөлек бейбіт бітім 4 еврей тұтқынын қамаудағы бірнеше палестиналыққа айырбастауды да қарастырады. Газа секторына бөгетсіз гуманитарлық көмек жіберу де күн тәртібінде тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы