Израиль Макронға елге кіруге тыйым салды
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Франция президенті Эммануэль Макронның елге сапарына рұқсат бермеді. Бұл шешім француз көшбасшысының Палестинаны мойындау туралы мәлімдемесіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Channel 13 арнасына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу барысында Макрон Израильге баруды жоспарлаған. Алайда Нетаньяху француз президенті Палестинаны мойындау ниетінен бас тартпайынша оның сапарына келісім бермейтінін мәлімдеді.
Еске салсақ, 24 шілдеде Эммануэль Макрон Франция 2026 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын жариялаған болатын. Ол мұндай қадам Таяу Шығыста бейбітшілікті ілгерілетуге, ХАМАС қозғалысын демилитаризациялауға және Газа секторында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді деп түсіндірген.
Алайда 20 тамызда Беньямин Нетаньяху бұл бастаманы сынға алып, француз көшбасшысын антисемитизмге айыптады. Оның айтуынша, Палестинаны тану ХАМАС-тың террорлық әрекеттерін күшейтіп, Израильдегі және Франциядағы еврей қауымына қауіп төндіруі мүмкін.