Израиль Ливанның оңтүстігінен әскерін шығармайтынын мәлімдеді
Израиль билігінің мәліметінше, елдің солтүстік шекарасындағы қауіп толық жойылғанға дейін әскери операцияларды жалғастыру құқығын сақтап қалады.
Израиль билігі АҚШ тарапынан қысым жасалған жағдайда да ел әскері Ливанның оңтүстігіндегі позицияларын тастап кетпейтінін мәлімдеді.Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Israel Katz айтты, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
Оның сөзінше, Израиль әскері бақылауындағы аумақтардан шегіну жоспарда жоқ және бұл ұстаным Вашингтонның ықтимал талабына қарамастан өзгермейді.
Министр сондай-ақ қазіргі уақытта Израиль армиясы бақылап отырған аудандарға Ливан тұрғындарының қайта оралуына рұқсат берілмейтінін жеткізді. Оның пікірінше, өткен тәжірибе бейбіт тұрғындардың оралуы қауіпсіздік қатерлерінің артуына әкелгенін көрсеткен.
Израиль тарапының мәлімдеуінше, елдің солтүстік өңірлеріне қауіп төндіріп отырған жағдай толық жойылмайынша және әскери күштер қауіптердің алдын алу үшін еркін әрекет ете алмайынша, әскерлер Ливан аумағындағы қазіргі позицияларын сақтай береді.
Бұған дейін Иранның АҚШ-пен келіссөздердегі өкілдері Ливандағы қақтығысты толық тоқтатуды және Израиль әскерін ел аумағынан шығаруды талап еткен болатын. Сонымен қатар, талап орындалмаған жағдайда Ормуз бұғазы арқылы теңіз қатынасын қайта шектеу мүмкіндігін ескерткен.
Израиль болса өз кезегінде Ливанның оңтүстігіндегі әскери қатысуын қауіпсіздік мәселелерімен байланыстырып отыр. Израиль билігінің мәліметінше, елдің солтүстік шекарасындағы қауіп толық жойылғанға дейін әскери операцияларды жалғастыру құқығын сақтап қалады.
- БЖБ мен ТЖБ болмайды: Мектептердегі бағалау жүйесі өзгереді 10:31
- Алматыда ескі автокөліктерді жаңасына ауыстыру бағдарламасы енгізілуі мүмкін 10:15
- Қылмыс жасалмай тұрып анықталады: Қазақстанда жаңа жүйе іске қосылды 09:53
- Бірінші Құрылтайға кімдер барады? 545 кандидаттың портреті 09:32
- Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты: Полиция тергеу бастады 09:14
- Биыл Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша 7 жоба іске қосылды 08:56
- Қазақстанда жаңа өнім астығының түсімі төрт есеге жуық артты 08:40