Бүгiн 2026, 11:45
Фото: Anadolu Agency
Израиль Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастырып жатыр
Бітімге қарамастан Израиль әскері оңтүстіктегі елді мекендерді атқылауды жалғастыруда.
Израиль армиясы қолданыстағы бітімге қарамастан Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Израиль артиллериясы елдің оңтүстігіндегі Мадждель-Зун, Сиване, Калавей, Кфар-Шуба, Кунин, Фрун, Гандурийя және Тулин елді мекендерін атқылап жатыр.
Сондай-ақ Бейяда ауданында орналасқан израильдік «Меркава» танкі Мансури елді мекеніне қарай бірнеше рет оқ атқаны хабарланды.
Израильдің ұшқышсыз ұшағы Мансури ауданында мотоциклге соққы жасаған. Бұдан бөлек, Израильдің тағы бір дроны Бейрут аспанында төмен биіктікте ұшып жүргені байқалған.