Израиль Ливан аумағына әуеден соққы жасады
Израиль армиясы Ливанның оңтүстігі мен шығысындағы бірнеше аймаққа әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Израиль армиясы Ливанның оңтүстігі мен шығысындағы бірнеше аймаққа әуе шабуылдарын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әскерилер бұл қадамымен 2024 жылдың қарашасында жасалған атысты тоқтату туралы келісімді тағф да бұзды.
Ливанның ресми NNA агенттігінің хабарлауынша, израильдік әскери ұшақтар елдің оңтүстігіндегі Набатия өлкесіне қарасты Махмудия, Айшия және Чармак елді мекендеріне, сондай-ақ Рафи тауына соққы берген.
Сонымен бірге Израиль ұшақтары Баальбектің батысында орналасқан Шемстар елді мекенінің маңына екі рет әуе шабуылын жасаған.
Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерден соққы жасалған аймақтан қою түтін көтерілгенін көруге болады.
Ливан билігі әзірге шабуылдарға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ, сондай-ақ құрбандар туралы ақпарат жарияланбады.
Бітімге қарамастан, Израиль шабуылдарын жалғастыруда
2023 жылдың қазанында Израиль Ливанға қарсы әскери операция бастаған. 2024 жылдың қыркүйегіне қарай бұл қақтығыс кең ауқымды соғысқа ұласқан. Соғыс кезінде 4 мыңнан астам адам қаза тауып, шамамен 17 мың адам жарақат алған.
2024 жылғы 27 қарашада Ливан мен Израиль арасында бітім жасалғанына қарамастан, Израиль келісімді мыңдаған рет бұзғаны хабарланған.
Израиль әлі күнге дейін 2023 жылдың 8 қазанынан кейін Ливанда басып алған бес төбені өз бақылауында ұстап отыр және ұзақ жылдар бойы оккупациясында қалған кейбір аймақтардан да әлі шықпаған.
Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің 2024 жылғы 27 қарашадан 2025 жылғы 20 қарашаға дейін жасаған шабуылдары салдарынан 331 адам қаза тауып, 945 адам жарақат алған.
- «Аңсаған сәби» бағдарламасы: 15 мыңға жуық отбасы қуанышқа бөленді 20:45
- Дональд Трамп жасанды интеллектіні дамытуды бәсеңдетуге қарсы шықты 20:29
- Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскерилері бірлескен оқу-жаттығуға кірісті 20:11
- Еуропада газ бағасы шарықтады: 2022 жылдан бергі рекорд жаңарды 19:53
- IMD World Competitiveness 2026: Қазақстан экономикалық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТМД елдері арасында топ жарды 19:40
- Үш күнге арналға ауа райы болжамы: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 19:32
- Қазақстан мен Өзбекстан транзитті жеңілдетуге келісті 19:00