14 Қаңтар 2026, 02:34
Фото: freepik
Израиль кейбір халықаралық ұйымдардан шығатынын жариялады
Израиль АҚШ-тың халықаралық ұйымдардан шығу шешімін қолдай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) кейбір агенттіктерімен және басқа халықаралық құрылымдармен байланысын тоқтатады. Бұл туралы Израиль Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Министр Гидеон Саардың айтуынша, шешім АҚШ тәжірибесін зерттеу және талқылау нәтижесінде қабылданған. Израиль байланысын тоқтатқан ұйымдар қатарына: БҰҰ Бас хатшысының балалар мен қарулы қақтығыстар мәселелері жөніндегі арнайы өкілі аппараты, «БҰҰ – Әйелдер», БҰҰ Сауда және даму конференциясы, Батыс Азияға арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия кіреді.
Сонымен қатар, Израиль енді байланысын тоқтатады деп шешкен үш ұйым: БҰҰ Цивилизациялық альянсы, «БҰҰ – Энергетика» және Миграция мен даму жөніндегі ғаламдық форум.
Сыртқы істер министрлігі басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселесін де қайта қарап, қосымша шешімдер қабылдайтынын хабарлады.
- Дауыс беруге екі апта қалды: Қазақстандағы сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр 17:40
- Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа бағыты 17:39
- Нұрай Серікбай ісі бойынша сот үкімі шықты 17:30
- Алматының шарықтау дәуірі: 2026 жылы қала қалай әлем назарын аударды 17:28
- +44°С ыстық: Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады 17:21
- Ақтөбелік әйел TikTok-тағы әрекеті үшін қамалды 17:03
- Қазақстанда жастар мен отбасының демографиялық болашағы туралы жаһандық зерттеу таныстырылды 16:45