3 Қараша 2025 2025, 04:27 Фото: AP Photo/ Ohad Zwigenberg, Pool

Израиль кепілге алынғандардың денелерін толық қайтаруды талап етті

Германия канцлері Фридрих Мерц пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесіп, Газа секторындағы жағдай мен атысты тоқтату режимін талқылады.

Германия канцлері Фридрих Мерц пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесіп, Газа секторындағы жағдай мен атысты тоқтату режимін талқылады. Бұл туралы Германия үкіметінің өкілі Штефан Корнелиус мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Тараптар гуманитарлық көмектің Газа тұрғындарына қауіпсіз әрі жеткілікті көлемде жетуі қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, олар ХАМАС қозғалысы кепілге алынған барлық адамдардың қалдықтарын дереу тапсыруы тиіс деп мәлімдеді.

Еске салайық, 9 қазанда Израиль мен ХАМАС АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жоспары аясында атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. ХАМАС кейінірек 20 израильдік тұтқынды босатып, 4 адамның денесін қайтарды. Израиль тарабы қалған құрбандардың денелерін қайтаруды талап етіп отыр.