Бүгiн 2026, 05:32 Фото: Mohamed Azakir/Reuters

Израиль Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы ғимаратына соққы жасады

Израиль қорғаныс армиясы (IDF) IRIB кешеніне соққы жасалғанын растады.

Иран радиосы мен теледидарының (IRIB) басшысы Пейман Джебели Тегерандағы телерадиокомпания кешеніне зақым келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Израиль қорғаныс армиясы (IDF) IRIB кешеніне соққы жасалғанын растады.

Израиль армиясы Иран Ислам Республикасының кешеніне соққы берді. Бұл – Ислам революциясы сақшылар корпусының өтірік пен қуғын-сүргін машинасының орталығы, – делінген IDF Persian парақшасында жарияланған хабарламада.

Бұған дейін ирандық БАҚ мемлекеттік телерадиокомпанияның бірнеше ғимараты атқыланғанын хабарлаған.

Айта кетейік, өткен маусымда Иран мен Израиль арасындағы 12 күндік қақтығыс кезінде де мемлекеттік телерадиокомпания нысандарына соққы жасалған болатын.