Израиль Хамас басшысын WhatsApp арқылы аңдыған

Израиль барлау қызметі ХАМАС басшысы Исмаил Ханияны WhatsApp желісі арқылы аңдыған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Исмаил Ханияның ұялы телефонына WhatsApp арқылы шпиондық бағдарлама орнатылған. Мұны саяси жетекшіні өлтіру үшін пайдаланған дейді. Жалпы, бұл мәліметтер туралы сарапшы Элайджа Манье X парақшасында айтты.

Оның мәлімдеуінше, шпиондық бағдарлама «израильдік NSO Group кибер барлау фирмасы әзірлеген әйгілі Pegasus бағдарламасына» ұқсас болуы мүмкін.

Құрылғы арқылы Израиль барлауы Ханияны пәтерінде анықтауға мүмкіндік берген.

Еске сала кетсек, Хамас басшысы Исмаил Хания 31 шілдеге қараған түні Тегеранд қайтыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы