Израиль Газаға қайтадан соққы жасады

Израиль армиясы атысты тоқтату режиміне қарамастан, Газа секторының оккупацияланған аудандарына әуе және артиллериялық соққылар жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Газа мен Рафах қалалары атқылауға ұшырады.

Қазіргі таңда Израиль әскері сектор аумағының 50 пайыздан астамын бақылауына алған.

Газа секторындағы атысты тоқтату және тұтқын алмасу жөніндегі келісім

АҚШ президенті Дональд Трамп 9 қазанда Египетте өткен келіссөздер барысында Израиль мен ХАМАС Газа секторында атысты тоқтату жөніндегі келісім жоспарының алғашқы кезеңін мақұлдағанын мәлімдеді.

Египетте қол қойылған келісім Израиль үкіметінің мақұлдауынан кейін 10 қазанда күшіне енді.

Соған қарамастан, Израиль армиясы түрлі себептерді алға тартып, Газа секторындағы қолданыстағы атысты тоқтату келісімін бұза отырып, палестиналықтарға қарсы шабуылдарын жалғастырып келеді.

Жалпы, атысты тоқтату режимі күшіне енген сәттен бері Газада кемінде 418 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Anadolu Agency
Өзгелердің жаңалығы