Израиль Газадағы операциясын кеңейтпекші
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 3 мамыр күні қауіпсіздік мәселесі бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, онда оған Газа секторындағы кеңейтілген шабуыл жоспары ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Еuronews-ке сілтеме жасап.
Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, жұма күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қауіпсіздік мәселелеріне арналған жиналыс өткізіп, онда Газадағы операцияны кеңейту жоспары ұсынылған. Бұл жоспар аясында елеулі резервистерді жұмылдыру көзделіп отыр.
Сонымен қатар, бұл жоспардың түпкілікті нұсқасы әзірге бекітілмеген, себебі Израиль әлі де қалған тұтқындарды босатуға күш салып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, жаңа шабуыл Дональд Трамптың аймаққа сапарына дейін (13-16 мамыр аралығы) басталуы екіталай. АҚШ президенті Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Катарға баруы тиіс, бірақ Израильге сапары жоспарланбаған.
Бұл уақытта БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы Израиль шабуылдарының салдарынан Газаның түкпір-түкпірінде бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанын хабарлады.
Газа Азаматтық қорғаныс агенттігінің мәліметінше, жұма күні Израиль әуе соққыларының салдарынан палестиналық аумақта кем дегенде 42 адам көз жұмған.