Израиль Газа секторына әуе соққыларын жаcауын тоқтатқан жоқ
Израиль әскери-әуе күштері Газа секторының оңтүстігін нысанаға алып, соққылар жасап жатыр, сондай-ақ Иордан өзенінің Батыс жағалауында да рейдтер жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Al Jazeera дерегінше, Израиль армиясы анклавтың орталық бөлігінде орналасқан Бурейдж босқындар лагерінің жанындағы "сары сызықтың" арғы бетін атқылаған. Сонымен қатар Рафахтың шығыс бөлігіне соққылар жасалған, ал израильдік әскерлер Хан-Юнистің шығысында жарылғыш жұмыстар жүргізіп жатыр.
Палестиналық "Кудс" медиа ресурсы Газа секторының солтүстігіндегі Джабалия ауданында және анклавтың оңтүстігіндегі Мораг аймағында әуе шабуылы жасалғанын мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жәрмеңкеде қызылордалықтар сиыр етін 2500 теңгеден сатып алды
Өзгелердің жаңалығы