Қазақстандағы Израиль елшілігі жабылмайтын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдің Қазақстандағы елшілігі Нұр-Сұлтан қаласындағы жұмысын жаңғыртты.
Бұл туралы дипломатиялық миссияның баспасөз қызметі өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Құрметті достар, біздің елшілікпен қоса әлемнің барлық мемлекетінде орналасқан Израиль елшіліктері штаттық режимде өз жұмысын қалпына келтіріп жатыр. Израильдің Сыртқы істер және Қаржы министрлігі қызметкерлерімен келіссөздер әлі де жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Израиль өз елінің Қаржы министрлігінің шешіміне байланысты Қазақстандағы және басқа да елдердегі елшіліктерін жапты деген ақпарат тараған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан әуежайларында "ашық аспан" тәртібі енгізілді
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы