Израильдегі Қазақстан дипломаттары Назарбаев саябағында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Израильдегі ҚР Елшілігінің ұжымы Президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы тоғайға барды. Дипломаттар ағаштарды тексеруді, суарып, тоғай аумағын тазарту жұмысын жүзеге асырды.

Еврей ұлттық қорының бас директоры Игаль Ясинов бұл тоғайдағы кейбір ағаштарды Елбасының өзі және әр уақытта Израильге келген Қазақстанның басқа өкілдері отырғызғанын айтты.

Ол сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Израильдің орталығында орналасқан осы ормандағы тоғайдың атымен аталған жалғыз шет мемлекеттің басшысы болып табылатынын атап өтті.

Елші Сатыбалды Бұршақов Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының маңызды рөлін атап өтті. Ол өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықтың берік негізін қалаған екі ел арасындағы алғашқы келісімдерге Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1995 жылы Израильге жасаған мемлекеттік сапары барысында қол қойылғанын еске салды.

Тоғайды 2000 жылы сәуір айында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Израильге ресми сапары кезінде Бейт-Шемеш қаласының маңында ТМД еврей қауымдастықтарының федерациясы ұйымдастырды. Бұл Израиль халқының Елбасының екі мемлекет арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін мойындауын білдіреді.

Н. Назарбаев тоғайында айлауық, қарағай, жаңғақ, емен және басқа да ағаштар өседі. Атап өтетін жайт, демалушылар арасында танымал орман орналасқан жер 50-ші жылдардың ортасына дейін қаңырап бос болған және әр ағаш қолмен отырғызылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы