Израильде вакцина салдырғандарға тегін тамақ таратыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған азаматтарға тегін тамақ тарата бастады, деп хабарлады «Хабар 24».
Мақсат – препараттың тиімділігіне күмәнмен қарайтындарды екпе алуға көндіру. Ол үшін билік өкілдері тіпті дәмхана иелерімен бірлесе жұмыс істей бастаған. Яғни мейрамхана қонағы вакцина қабылдауға келіссе, оған кез келген сусын тегін беріледі.
Билік өкілдерінің айтуынша, осы шараның арқасында халықты вакциналау қарқын алған. Санға салсақ, күн сайын шамамен 150 мыңдай адам екпе ектіреді екен. Айта кетейік, бүгінде Израиль елі халықты вакциналау бойынша әлемде алдыңғы орында келеді.
Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін ел азаматтарының 43%-ы Pfizer препаратының кемінде бір дозасын салдырған.
Біз мұнда вакцина салдыру үшін келдік. Басқа амалымыз жоқ. Оның үстіне пицца мен кофе тегін беріледі екен, – дейді Тель-Авив қаласының тұрғыны Лизи Критцер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 860 адам коронавирустан емделіп шықты
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы