Израиль билігі Иордан өзенінің батысына еврейлерді қоныстандыратынын мәлімдеді
Алматы, BAQ.KZ. Израиль Үкімет басшысы Биньямин Нетаньяху Иордан өзенінің батысына еврейлерді қоныстандыру үшін 800 пәтер тұрғызатынын мәлімдеді. Бұл туралы Израиль премьер-министрінің канцеляриясы хабарлады.
Сондай-ақ, мәлімдемеде Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстік бөлігіндегі еврейлер қоныстанған Тал-Менашта 100 пәтер салынатыны айтылған.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек Израиль 2020 жылы Иордан өзенінің батыс жағалауына 12 мыңнан аса жаңа баспана тұрғызуды бекіткен. Бұл бір жылда тұрғызылған ең үлкен құрылыс көрінеді.
Иордан өзенінің бойына еврейлерді қоныстандыру мәселесі палестин-еврей бейбіт келісіміне кедергі болып тұрған басты кедергі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындысы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы