Израиль әуе күштері босқындар шоғырланған жерге соққы берді

Израиль әуе күштері Газаның солтүстігіндегі әл-Фахур ғимаратына соққы жасап, салдарынан 150-ден астам адам зардап шекті. Бұл туралы Al Hadath телеарнасы хабарлады.

БАҚ-тың хабарлауынша, әл-Фахур мектебінде (Газа секторындағы ең үлкен босқындар орталығы) көп адам шоғырланған. Оқу мекемесінің ғимаратында әртүрлі аймақтарынан жасалған әуе шабуылдарынан соң жасырынған мыңдаған бейбіт тұрғындар қоныстанған.

Жарылыстан 150-ден астам адам жараланған. Зардап шеккендерд аль-Шифа ауруханасына жатқызылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы