Израиль әскерінің әуе соққысынан Газада балалар көз жұмды

Израиль әскері Газа секторындағы бірнеше аймаққа әуе шабуылын жасап, салдарынан кемінде 11 палестиналық мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ондаған адам жараланған.

Мәліметке сәйкес, Хан-Юнус қаласының батысындағы Маваси ауданына соққы жасалған. Бұл жерде еріксіз қоныс аударған отбасылар уақытша шатырлар тігіп, паналап отырған. Әуе соққысы тікелей осы шатырлы лагерьге бағытталып, кемінде алты адам, оның ішінде екі бала қаза тапты.

Аталған аймақ бұған дейін Израиль тарапы "қауіпсіз аймақ" деп жариялаған орындардың бірі болған.

Сондай-ақ Газаның орталығындағы тұрғын үйге жасалған шабуыл салдарынан бес палестиналық көз жұмып, бірнеше адам жарақат алғаны айтылды.

Бұдан бөлек, Израиль әскері Хан-Юнус қаласында үйлер мен ғимараттарды қасақана бұзу әрекеттерін жалғастырып жатқаны туралы да ақпарат тарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Anadolu Agency
Өзгелердің жаңалығы