Израиль армиясы Иранға қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеуге кірісті
Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Катц 27 маусымда Қорғаныс армиясына (ЦАХАЛ) Иранға қарсы мәжбүрлеу шараларын қамтитын арнайы жоспар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен Израиль Қорғаныс күштеріне әуе үстемдігін сақтап, Иранның ядролық бағдарламасы мен зымыран өндірісінің алдын алуға бағытталған мәжбүрлеу жоспарын дайындауды тапсырдым, - деп жазды Катц.
Министрдің айтуынша, жоспар тек әскери шаралармен шектелмей, Иранның Израильге қарсы лаңкестік әрекеттерді қолдауына да жауап қатуға бағытталады. Израиль тарапы Тегераннан келетін қауіптерге үнемі дайын болу керектігін баса айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Найзағай, бұршақ: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Міндетті талап: Грузияға баратын шетелдіктер нені білуі тиіс
Өзгелердің жаңалығы