Израиль Алматы облысында құны 112 млн еуро болатын шошқа өсіру кешенін салмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильдің AgriGo компаниясы Алматы облысында құны 112 млн еуро болатын шошқа өсіру кешенін салуға ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға мамандандырылған халықаралық AgriGo компаниясы шошқа өсіру кешенін құру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жобаның құны 112 млн еуроға бағалануда, – деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінде.
Ведомство ақпарынан кешен құрылысы үшін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жалпы ауданы 100 га жер учаскесі белгіленгені мәлім болды.
Қазіргі уақытта «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-дан қаржы алуға қажетті рәсімдерден өту бойынша жұмыс жүргізілуде, – деп қорытындылады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
AgriGo – дайын және модульдік кешендерді ұсыну бойынша өндіруші және қосалқы мердігер. Компанияның қызметі құс өсіру, шошқа өсіру, сүтті және етті бағыттағы ірі қара өсіру, сүт өнімдері мен балық өсіруге бағытталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда регбиден жастар арасында ел үздіктері анықталды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы