19 Шілде 2026, 15:19
Фото: TRT Haber
Измир жағалауында 39 заңсыз мигрант ұсталды
Мигранттар жағалау күзетінің операциясы кезінде анықталып, кейін көші-қон қызметіне тапсырылды.
Түркияның Измир провинциясы жағалауында, Эгей теңізінде жағалау күзеті заңсыз көші-қонның жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді. Бұл туралы TRT Haber хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, мигранттар тобы ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен анықталған. Операция барысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 39 адам және оларды заңсыз тасымалдауды ұйымдастырды деген күдікке ілінген бір адам ұсталды.
Ұсталған мигранттар кейін Түркияның Көші-қон басқармасына тапсырылды. Ал заңсыз тасымалды ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты процессуалдық іс-шаралар жалғасып жатыр.