1 Қараша 2024 2024, 12:50 Фото: polisia.kz

Іздеуде жүрген шетелдік Шымкентте ұсталды

Қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы жарты жыл бұрын мемлекетаралық іздеу жарияланған ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы жарты жыл бұрын мемлекетаралық іздеу жарияланған ер адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оған қатысты интернетті пайдалана отырып, діни экстремизм идеялары бар материалдарды тарату жайты бойынша көрші елде қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауда, оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.