Іздеуде жүрген 2 қылмыскер Түркиядан елге жеткізілді
Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметіне сәйкес Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.
Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жастар "Қабанбай, Ақан, Қаныш кім?" десе, "әкім, министр, спортшы" деп жауап береді – депутат
Келесі жаңалық
Боран, қар, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы