14 Қазан 2025 2025, 15:12
Фото: Абай облысы ПД
Іздеу жарияланды: Абай облысында 13 жастағы оқушы жоғалып кетті
Абай облысында 13 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Абай облысында 13 жастағы оқушы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Абай облысы Полиция департаменті хабар-ошарсыз кеткен 13 жасар қызға іздеу жариялады.
26.06.2012 жылы туған, кәмелетке толмаған САРЖАН АРУЖАН АНУАРҚЫЗЫН іздейміз. Ол 13 қазанда Бородулиха ауылы, Достық көшесі, 9-үй мекенжайындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз, - деп жазылған полиция хабарламасында.
Белгілері: шашы ұзын, қара түсті, көзі қоңыр, өңі қараторы. Көзінің астында меңі бар. Бойы 155–160 см шамасында, арықша денелі.
Үстіндегі киімі: қара түсті күрте, ақ түсті капюшоны бар толстовка, ақ түсті кроссовка.
Егер суреттегі қыздың жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса,
полицияға хабарласыңыз.