Алматы облысында із-түссіз жоғалған 16 жастағы қыз табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.kZ. Алматы облысы полицейлері із-түссіз жоғалған 16 жастағы қыздың мекенжайын анықтады.

Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары үйінен белгісіз бағытта шығып, із-түссіз жоғалған 16 жастағы қызды Алматы қаласынан тапты. Іздеу жарияланған қыз аман-есен ата-анасына табысталды, - деп хабарлады Алматы облысының полицейлері.

Бұған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында Есік экономикалық-педагогикалық колледжінде білім алатын қыздың жоғалғаны және оны іздестіруге аудандық және облыстық із кесушілер жұмылдырылғаны туралы ақпарат таралған болатын.

Полицейлер таратқан ақпаратқа байланысты, тәртіп сақшылары іздеу салынған қыздың туыстарымен бірлесіп, бүгін оны Алматы қаласында аман-есен тапқан. 

Алдын ала тергеу барысында оның жанұялық жанжал кезінде үйінен кетіп қалғаны анықталды. Тәртіп сақшылары кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімді арнайы есепке қойды.

Аудандық полицияға қызының белгісіз бағытта кеткені туралы әкесі арызданған. Жасөспірімнің мекенжайын анықтауға тәжірибелі мамандар жұмылдырылып, 4 күн ішінде таптық. Биыл Еңбекшіқазақ ауданында іздеу жарияланған 30 адам табылды. Оның ішінде 3 кәміметке толмаған бала бар. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары бұған дейінгі жылдары жоғалған 7 тұлғаның мекенжайын анықтаған, - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы