IX Азаматтық форумында қоғамдық бақылауды күшейту туралы айтылды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтанда IX Азаматтық форум өтті. Онда ҮЕҰ мен қоғам қайраткерлерінің әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде бақылауды күшейту талқыланды. 


 

Белсенділер атап өткендей, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. 


 

Халықтың қажеттіліктері мен мүдделерін, оның әлеуметтік топтарын анықтау үшін қоғамдық кеңестерге азаматтармен, азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен, сарапшылармен, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшыларымен белсенді өзара әрекеттестік құру қажет. Қоғамдық консультациялар қоғамдық пікірталастар түрінде де ұйымдастырылуы керек. Бұл консультацияларды жоспарлау, қызметтің басым бағыттары мен негізгі жұмыс бағыттарын анықтау қажет, - деді INTEGRITY ASTANA ҚБ директоры Жанат Нұрғалиев. 

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, қоғамдық кеңестер қызметінің бір принципін - жариялылықты жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын белсенді пайдалану қажет. 


 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қоғамдық бақылау туралы» Заң қабылдау қажеттігін атап өтті. Табиғи монополия субъектілерінің қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау керек, анық және сенімді ақпаратты уақытында көпшілікке жариялау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу және жауапты шенеуніктердің ортасын анықтау қажет, - деді Бақтияр Мәкен.  


 

Сонымен қатар талқылау барысында «Бюджетке қатысу» жобасы қозғалды. Осы бағытта жаңадан ашылған Тұрғын үй орталығы негізінде «Бір үй - бір бірлестік - бір есеп» әдісі бойынша қызмет көрсету базасын дамыту туралы ұсыныс жасалды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы