Иван Маевский қазақтар жайлы: Олар өз тілдерін сақтауға тырысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың «Астана» командасы мен Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский Германиямен ойын алдында сұхбат беріді. Ол сұхбатында Қазақстандағы легионерлік тәжірибесін, қазақ тілі, ұлттық асханамыз жайлы айтқан. Сол сұхбаттың қазақша нұсқасын ұсынамыз.
Иван Маевский футболға келмес бұрын Речице қаласындағы базарда жүк тасушы және фабрикада ораушы болып жұмыс істеген. Гомель облысындағы зауыт қызметкерлері арасындағы әуесқой футбол турниріне қатысқан. Сол кезде ең болмаса, екінші лигада ойнасам екен деп армандаған. 20 жасында Маевскийді «Вертикаль» командасына шақырды. Ал бүгінгі таңда ол Қазақстанның «Астана» командасымен және Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы.– Қазақстанда ойнап жүргеніңізге екі жылдан асты. Үйрендіңіз бе?
– Бір елдің дәстүріне бой үйретіп, тұрғынына айналып шығуға екі жыл жеткілікті. Маған бұл жерде бәрі қолайлы: Қазақстанда халықтың көбі орыс тілінде сөйлейді, еуропалық типтегі мейрамханалар жеткілікті. Уақытты жақсы өткізіп, дәмді тамақ ішуге мүмкіндік бар.Ең қиыны, Қазақстанның ауа-райының қолайсыздығы мен жасыл желектің аздығы шығар. Қалың орманы мен саябағы бар Беларусь елінде туып өскеннен кейін ашық далада жүру қиындау.
– Қазақстанның суық аура-райының аңыз әңгіме емес екенін дәлелдеуге себеп болатын екі мысал айтып көріңізші.
– Нұр-Сұлтанда қатты жел жыл бойы соғып тұрады. Кейде дүкеннен пакетінді толтырып заттар алып, қайтып келе жатқанда өзің бір жақта, пакетін бір жақта ұшып жүреді.
Қазақстанда қыс өте суық. Мысалы, былтыр қыста температура - 50 °C-қа дейін түсті. Кейде термометр -30 °C болып тұрады, бірақ тоңған кезде - 45 °C секілді көрінеді. Футболшылардың бұл жағынан жолы болғыш деп айта аламын. Өйткені, қыс мезгілінде біздің демалыстар мен оқу-жаттығу жиындары басталады. Сондықтан Нұр-Сұлтанда бола қоймаймыз. Жалпы, Нұр-Сұлтанда – жыл бойы стандартты ауа-райы. Менің бақылауымша, мұнда классикалық көктем мен күз деген жоқ. Мысалы, 28 сәуір күні көшеде +20 болуы мүмкін, ал екі күннен кейін қар жауа салуы түк те емес.
– Қазақстан Беларусь жерінен 13 есе үлкен. Туристер мұнда бірінші кезекте нені тамашалауы керек?
– Әрине, территория жағынан Қазақстан Беларусьтен бірнеше есе үлкен. Сондықтан қалалардың арасы өте алыс. Көлікке отырып, 100 шақырым жүргеннен кейін жаңа локацияға жету деген жоқ. Қазақстанда арақашықтық мүлдем бөлек. Біз ойындардың көбіне ұшақпен барамыз. Тек 260 шақырым қашықтықта орналасқан Қарағандымен тағы бір қала ғана автоуспен жетуге болады. Туристерге елдің екі басты қаласы – Нұр-Сұлтан мен Алматыны аралауға кеңес беремін. Өзге елдімекендердің даму көрсеткіші баяулау.– Жергілікті халық Нұр-Сұлтанды құрылыс қаласы деп атайды. Сізге айналасы крандарға толған қалада өмір сүру қиын емес пе?
– Қазақстанның астанасында жаңадан салынып жатқан ғимараттар көп. Егер осыдан 10 жыл бұрынғы суреттермен салыстырсаң, қаланың келбеті мүлдем өзгеріп кеткен. Бұрын ірі сауда орындары алыста болатын, ал қазір көптеген құрлыстардың арқасында оның бәрі орталыққа айналып кеткен. Ең алғашқы пәтерімді 31-қабаттан жалдағанмын. Сол кезде орталықтың жаңа үйінде тіпті барлық төрт жедел саты жұмыс істемей, жаяу жүруге де мәжбүр болғанбыз.– Қазақстан Минскіден қымбат па?
- Аса қатты айырмашылық жоқ. Негізі, Минскіде сирек боламын, сондықтан бағаларды дұрыс білмеймін. Нұр-Сұлтанның сауда орталығындағы кафеде түскі ас 20-30 доллар тұрады. Минскі де дәл осылай деп ойлаймын.Ал Нұр-Сұлтан Минск секілді Қазақстанның өзге қалаларының барлығынан қымбат. Минск пен Речицеде тамақтанудың айырмашылығы қандай екенін өзіңіз де жақсы білесіз.
– Қазақстанға келген соң, тамақтануыңыз қатты өзгерді ме?
– Жоқ, әйеліміз екеуіміз бұрынғыдай тамақтанамыз. Тек Нұр-Сұлтанда шошқа етін сатпайтыны қиын. Өзім қаладағы базардың біреуінде бар екенін білемін. Басқа жерден байқамадым. Әрине, Қазақстанның ұлттық тағамынан дәм татып көрдім. Ең көп тарағаны – жылқының етін асып жеу. Қазақ достарым үйлеріне шақырып, жылқы етін асып, қонақ еткен болатын. Айта кететіні, жақсы дайындалған жылқы еті дәмдірек болады және майлылығы көп. Бірақ сиыр етінен аса қатты айырмашылығы жоқ. Жылқы етін күнде жеу мүмкін емес. Маған өзіміздің ұлттық тағамдар көбірек ұнайды: драник, колдун және борщ.– Польшада ойнаған кезіңізде сол елдің тілін жылдам үйрендіңіз. Ал қазақ тілін қолға алдыңыз ба?
– Тіпті, поляк тілінде еркін сұхбат бере бастағанмын. Қазақ тілін үйренуді әлі бастаған жоқпын. Кейбір қазақ жігіттері өзара қазақ тілінде сөйлесіп жатады, кейбірі – орыс тілінде әңгімелеседі. Олардың бәрімен де орысша сөйлесе аласың.
Айтпақшы, Минскідегі беларусь тілінде сөйлейтіндермен салыстырғанда, Нұр-Сұлтанда қазақ тілінде сөйлейтіндер көп. Меніңше, қазақстандықтардың бұл қадамы қуантады. Олар өз тілдерін сақтауға тырысады. Бізде бұл жағы қиындау. Жақында президенттің «хуткасны рэжым» туралы айтқанын естідім. Бірақ адамдардың беларусь тіліне көшуді қалай қабылдағынан хабарсызбын.
Бәрін кезең-кезеңімен жүргізсе дұрыс деп санаймын. Мысалы, мен қазір беларусь тілінде еркін сөйлесе алмаймын. Мектепте көбірек білетінмін, уақыт өте келе сөздерді ұмыта бастадым. Алайда, ана тілімізге көшуді жақсы қабылдадым. Кейбір азаматтар осы бағытқа өтуге тырысып жатқаны байқалады. Осы күні комментаторлар ойындардың жартысын беларусь тілінде жүргізеді. Бұл маған ұнайды.