Иван Дычко жыл соңында жекпе-жек өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Иван Дычко (9-0, 9 КО) жыл соңына дейін кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізеді.

Боксшының шаршы алаңға оралатыны жайлы қазақстандық менеджер Зия Әлиев Prosports.kz  тілшісіне айтып берді.

Жыл соңына таман, желтоқсанда ол шаршы алаңға шығады деп жоспарлап отырмыз. Иван қазір Қазақстанға жаттығып жүр, бірақ жақын арада АҚШ-қа кетеді. Қарсыласы жайлы әзірше ешқандай ақпарат жоқ. Жекпе-жек сегіз раунд болады деп ойлап отырмыз, – деді менеджер.

Айта кетейік, Иван Дычко соңғы жекпе-жегін 2019 жылы өткізіп, америкалық Нэйт Хэвенді (9-3, 7 КО) жеңген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы