Иван Дычко аса ауыр салмақта аргентиналық қарсыласын жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық боксшы Иван Дычко Буэнос-Айрестегі бокс кешіне қатысты. Аталған кеште ол аргентиналық қарсыласын жеңді деп жазады Sports.kz.

Иван Дычко аргентиналық Кевин Эспиндоламен кездескен. Аса ауыр салмақтағы бұл жекпе-жек он раундқа жоспарланып, тартысты бәсекеге ұласты. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Дычкоға берді. 

Осылайша, Иван Дычко өзінің кәсіби мәнсабында он екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл қазақстандықтың биыл өткізіп отырған бірінші жұдырықтасуы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бабадан қалған белгі
Өзгелердің жаңалығы