Италияның солтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Италияның Ломбардия аймағындағы Сондрио провинциясында төтенше жағдай орын алды. Вальтеллина аумағында бортында төрт адамы бар тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы La Repubblica басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ құлаған сәтте бортта төрт адам болған. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алып, құтқарушылардың көмегімен апат орыннан шығарылды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілгенімен, бір адамның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады – ол алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Италияның құтқару қызметтері мен авиациялық қауіпсіздік мамандары жұмыс істеп жатыр.

Бұл – соңғы күндері әлемде тіркелген авиациялық оқиғалардың бірі. Бұған дейін Калифорния штатында F-16C Fighting Falcon жойғыш ұшағы әуежай маңында апатқа ұшырағаны хабарланған. Оның ұшқышы ауыр жарақат алғанымен, жағдайы тұрақты екені айтылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Скриншот
Өзгелердің жаңалығы