Италияның солтүстігінде қар көшкінінен үш шаңғышы қаза тапты

Италияның солтүстігінде трассадан тыс жерде сырғанап жүрген кемінде үш шаңғышы қар көшкінінің салдарынан қаза тапты. Қайғылы оқиғалар Оңтүстік Тироль мен Ломбардия өңірлерінде тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Альпілік құтқару қызметінің мәліметінше, Доломит Альпілеріндегі Мармолада ауданында, әйелдер арасындағы тау шаңғысы жарыстары өтіп жатқан Кортина-д’Ампеццо қаласының маңында екі қар көшкіні жүрген. Оқиғадан кейін құтқарушылар Мармолада тау жотасындағы Пунта-Рокка шыңында, теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікте трассадан тыс түскен төрт шаңғышының бірінің – ер адамның мәйітін тапқан.

Тағы екі шаңғышы Ломбардиядағы Вальтеллина аңғарының төменгі бөлігінде орналасқан Альбосаджия ауылында, Бормио қаласынан шамамен 65 шақырым шығысқа қарай жерде, сондай-ақ трассадан тыс аймақта қар көшкінінің құрбаны болған. Бұл өңірде ерлер арасындағы тау шаңғысы жарыстары өтіп жатыр.

Альпілік құтқару қызметі Оңтүстік Тирольде ықтимал төртінші құрбанның бар-жоғы әзірге ресми расталмағанын хабарлады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қар көшкінінен зардап шеккен тағы бір ер адам ауруханада көз жұмған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы