Италияның оңтүстігінде тікұшақ апатқа ұшырады

Италияның оңтүстігіндегі Апулия аймағының солтүстік бөлігінде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тікұшақ апатқа ұшыраған жерінен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап жазды.

Тікұшақ Фоджа провинциясының Кастель-Пагано-ди-Априсена елді мекенінде құлаған. Бортта болған 7 адамның барлығы қаза тапты. Оның екеуі – ұшқыш, біреуі – жедел жәрдем дәрігері және қалған төртеуі словениялық туристер отбасының мүшелері болған.

Саяхатшылар Фоджаға бір күн бұрын оралмақ болған, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты сапарларын кейінге қалдырған. Ал, Тремити аралдарында жұмыс істейтін дәрігер кезекшілігінен қайтып келе жатқан. Ол дауылға байланысты теңіз жолымен емес, әуе көлігімен жүруді ұйғарған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы