Италияның 16 қаласында аптап ыстық басылмай тұр
Италияның 16 қаласында аптап ыстықтың орын алуына байланысты қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТАСС агенттігі таратқан деректерге сәйкес, елдің денсаулық сақтау министрлігі қауіптіліктің «қызыл» деңгейін жариялады. 16 шаһарда, соның ішінде Римде ыстықтың беті қайтпай тұр.
Метеорологтар ауа температурасының жоғарылауына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырып отыр. Әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарға мүмкіндігінше үйден шықпау, көбірек су ішіп, көп тынығу ұсынылды.
Италия атмосфера ғылымы мен климаты институты елде 7 айдан бері 0,98 градус орташадан жоғары температура тіркелгенін айтты.
Ыстықтың салдарынан орын алған қуаңшылық та ауыл шаруашылығы саласын бүйірінен қысып тұр. Келтірілген шығын 6 млрд еуроға жетуі мүмкін дейді мамандар. Ал елдегі бидай өнімі биыл 30%-ға төмендеуі ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ сенаты Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады
Өзгелердің жаңалығы