Италияның туризмнен түсетін табысы төрт есеге қысқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Италияға келетін туристер саны былтырғымен салыстырғанда 75 пайызға аз болады.
"Сонфтуризмо" ұлттық бизнес-қауымдастығы жүргізген зерттеулер осындай нәтиже көрсетіп отыр. Әсіресе шетелдік туристер санының қысқарғаны елдегі туризм саласы үшін қиынға соғып отыр. Себебі АҚШ және бірқатар Азия елінен келетін азаматтар өз демалыстары барысында италиялықтардан әлдеқайда көп шығынданады.
Айта кету керек, Италияның жалпы ішкі өнімінің 13 пайызы осы туризмнен түсетін табыс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 405 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы