Италиялықтар адам эмоциясын аңғаратын роботты жасап шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италиялықтар адамның эмоциясын сезетін және жауап беретін органоид ойлап тапты, деп жазды «Хабар 24».
Мамандардың айтуынша, бұл робот, әсіресе, аутизм және альцгеймер ауруларына шалдыққан адамдар үшін пайдалы болмақ. Абель деп аталатын гуманоидқа 12 жастағы ұлдың бейнесі берілген. Бет-әлпеті, қолдары тура адамдыкіндей әсер қалдырады. Абельдің жасанды терісінің астына көлемі әртүрлі 20-дан астам пьезоэлектрлі қозғалтқыштар тартылған. Ол сөйлеушіні камералар, бинауралды микрофондар мен термосканерлер арқылы қабылдап, зерттейді.
Бұл техника мамандары мен суретшілер бірлесе қолға алған бірегей жоба. Бұл құрал жасанды интеллектінің өнімі. Абельді жасау арқылы біз машина физикалық қана емес, сондай-ақ менталды және эмоциялық әсерді бере ала ма екенін зерттеп білгіміз келеді, - деді зерттеуші Лоренцо Коминелли.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бірнеше мердігер ауыстырдық – министр Балқаш-Бұрылбайтал жол құрылысының проблемасымен бөлісті
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы