Италиялық байқаушы: Бүгінгі сайлау дайындығының деңгейі таңғалдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италиядан келген халықаралық бақылаушылар - Италия депутаттар палатасының депутаты, «Бес жұлдыз» қозғалысының мүшесі Руссо Джиовани мен Италия депутаттар палатасының депутаты Андреа Дельмастро Делле Ведове еліміздегі сайлау науқанын жоғары бағалады.

Бұл туралы Strategy2050.kz хабарлады.

Біз Қазақстанға бірінші рет келіп отырмыз. Бүгінгі сайлау дайындығының деңгейі таңғалдырды. Сайлау процесінің пандемия жағдайында дұрыс ұйымдастырылғанын атап өту керек. Жалпы мұндай пандемия кезінде саяси шара, оның ішінде сайлау өткізу өте қиын. Қазақстандағы ұйымдастырушылар бұл істі тиянақты орындаған, - деп мәлімдеді Руссо Джиовани.
Италиялық байқаушылар журналистерге берген есебінде ескертулер мен тәртіп бұзушылық болмағанын жеткізді.
Италия халқы Қазақстан халқы сияқты ашық. Біз мынаны атап өткіміз келеді. Қазақстан демократиялық дамудың өте жоғары деңгейін көрсетті және бізді таңғалдырды. Оны сайлаудағы белсенділіктен байқап отырмыз. Сайлау учаскелеріне барғаннан кейін біз ешқандай ереже бұзу байқамадық. Астана операға бардық. Пандемия жағдайында ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін көрдік. Бәрі бетперде киген, - деді Андреа Дельмастро Делле Ведове.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы