Италиялық қыздың қызыл иегіне шаш өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия тұрғыны тіс жиегінде шаш өскен соң дәрігерлерге жүгінген. Бұл туралы Oral Surgery, Oral Medicine, Oral Pathology, Oral Radiology журналында жазылған.
Италиялық қыз мұндай шағыммен алғаш рет 2009 жылы жүгінген. Оның тіс жиегінде кірпікке ұқсас шаш өскен. Бұған дейін бес адамда осындай жағдай болған, бірақ олардың барлығы ер адамдар болған екен.
Ол кезде дәрігерлерге қызға поликистоз аналық без синдромы деген диагноз қойған. Мұндай диагнозда адамның беті мен денесінде шаш көп болады.
Қыздың аузындағы шашын хирургиялық ота арқылы алып тастап, гармондық дәрілер жазып берген. Ем аз уақытқа әсер етіп, шаш қайтып өскен және көп болып шыққан.
Бұл жолы дәрігерлер шашты алып қана қоймай, оны сараптамаға алды. Дәрігерлер микроскоппен қарағанда бір тал шаш тіс жиегін тесіп шыққаны белгілі болған.
Әзірге дәрігерлер сирек кездесетін жағдайдың неден және қалай болатынын таппады. Дегенмен енді науқас өмір бойы гармондарын реттейтін дәрілер ішіп отыруы керегін ескертті.